Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды
Әскерде белгісіз жағдайда басынан жарақатын алып, комаға түскен сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияда емнің келесі кезеңін аяқтап, Астанаға келді. Ербаянның басына ота жасалған, деп хабарлайды sadaq.kz.
“Қазір жағдайы тұрақты. Дәрігерлер өткен емнің әсерін көру үшін кемінде 3 ай қажет екенін айтты. Осыдан кейін Ербаян қайтадан Ыстамбұлға барып, оңалтудан өтеді”, – деп жазды Ербаян Мұхтардың заңды өкілі, журналист Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар ол жарақат ауыр болғандықтан емнің нәтижесін бірден көру мүмкін емес екенін жеткізді.
“Бірақ Ербаян өмір үшін күресіп жатыр, ал сіздердің қолдауларыңыз оған күш береді”, – делінген жазбада.
Сіздің реакцияңыз қандай?