«Еркектің мүшесіне ат қою керек»: интим-косметолог ерлі-зайыптыларға ерекше кеңес берді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде өзін интим-косметолог ретінде көрсететін Айгерім Қайнарқызы атты арудың ерлі-зайыптыларға берген ерекше кеңесі оқырмандар арасында кеңімен талқыланып жатыр. Ол ер адамның жыныс мүшесіне ат қоюды ұсынып, бұл қарым-қатынасты жақсартады деп мәлімдеген, - деп хабарлайды Todayinfo.
«Еркегіңіздің есімі Марат болса, оны Майкл деп атаңыз. Сол сияқты, өзіңізге де ат қойыңыз. Бұл диалогтың мәдениетті болуына көмектеседі. Қоғамдық орында болсаңыз, «Майкл Оксананы құшақтағысы келіп тұр» немесе «Майкл Оксананы сағынды» деп ойыңызды еш қысылмай, еркін жеткізе аласыз», – деді Айгерім Қайнарқызы.
Әлеуметтік желіде 1 миллионға жуық қаралым жинаған бұл видеоға қолданушылар наразылық білдіруде.
Желі қолданушылары «Бұл не сұмдық?! Инстаграмда кішкентай балалар да отырады», «Қазақстанда белден төмен әңгімеден басқа талқылайтын тақырып қалмады ма?», «Осындай интим тренерлерге шектеу қою керек!», деп жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






