FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді

Ақпан 23, 2025 - 16:19
FlyAryatan бортында жолаушының рюкзагы өртенді
Фото: Pixabay.com

2025 жылдың 23 ақпанында, Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Өрт әуекомпанияның бортсеріктері тарапынан жедел сөндірілді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі", - делінген ақпаратта.

Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow