«Фонограммамен ән айтуға тыйым салынады»: Мәжілісте жаңа заң қабылданды

Мәжіліс депутаттары мәдени-бұқаралық іс-шараларда фонограммаларды пайдалануға шектеу енгізу жөніндегі түзетуді қабылдады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау салаларын қамтитын жаңа заң жобасын мақұлдады. Құжат қоғамға тікелей әсер ететін бірқатар өзгерістерді қарастырады.
Мемлекеттік кітапханаларға ағартушылық іс-шара өткізу құқығы беріліп, мәдени-бұқаралық шараларда фонограмма қолдану тәртібі қатаңдатылды. Жеке білім беру ұйымдарының атауын ономастикалық комиссия арқылы бекіту талабы енгізілді.
"Бұл бастама қазақ өнерінің сапасын арттыруға, әншілердің кәсіби деңгейін көтеруге, халықтың мәдени талғамын қорғауға бағытталған. Өнер халыққа адал болуы керек. Фонограммасыз мәдениет – таза, шынайы өнердің кепілі, – деді депутат.
Сіздің реакцияңыз қандай?






