Футбол федерациясындағы жемқорлық: Барменқұловтың қатысты бар ма

Сәуір 3, 2025 - 12:41
 0  71
Футбол федерациясындағы жемқорлық: Барменқұловтың қатысты бар ма
Фото: ҚФФ

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Әділет Барменқұловтың қылмыстық істе күдікті деп танылмағанын айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі ҚФФ бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Дегенмен Елемесов Барменқұловтың бұл істе күдікті деп танылмағанын мәлімдеді. 

“Барменқұловты біз күдікті деп танымадық, айып тағылған жоқ”, – деді Жеңіс Елемесов сенат кулуарында. 

Еске салайық, бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0