Индонезиядағы алапат апаттан 25 адам қаза тауып, 80-нен астамы із-түссіз жоғалды

Қаңтар 26, 2026 - 15:55
Қаңтар 26, 2026 - 17:16
 0  2
Индонезиядағы алапат апаттан 25 адам қаза тауып, 80-нен астамы із-түссіз жоғалды
Фото: Janaki DM/AP Photo

Өткен аптаның соңында Индонезияның Батыс Ява провинциясында болған жойқын көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 25-ке жетті. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар үйінділер астынан тағы бірнеше мәйітті тапты. Апаттың ауқымы сағат санап артып келеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қазіргі уақытта 80-ге жуық тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр. Лай көшкіні екі бірдей ауылды басып қалып, 30-дан астам үйді жермен-жексен еткен. Апат түн ортасында болғандықтан, тұрғындардың көбі қашып үлгермей, үйінді астында қалып қойған.

CN порталының мәлімдеуінше, полиция табылған 25 мәйіттің барлығын арнайы қызметке өткізгенімен, әзірге тек 11 адам ғана ресми түрде танылды. Олардың ішінде 10 адамның денесі бүтін табылса, бір құрбанның тек дене бөлшегі ғана табылып отыр. Қалған мәйіттердің кім екенін анықтау үшін ғылыми сараптамалар жүргізілуде.

Геологтардың зерттеуіне сәйкес, Бурангранг тауының баурайында нөсерден кейін жиналған су мен балшықтан «табиғи бөгет» пайда болған. Шыдас бермей жарылған бұл бөгет таудан төмен қарай ағып, үйлерді лай астында қалдырды.

Аймақта жаңбырдың қайта күшеюіне байланысты іздестіру операциялары уақытша тоқтатылды. Метеорологтар топырақтың әлі де қозғалып жатқанын, бұл құтқарушылардың өміріне қауіп төндіретінін ескертуде. Қауіпті аймақтан 500-ден астам адам эвакуацияланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0