Иран АҚШ сарбаздарының көзін жойған немесе тұтқынға алған азаматтарға сыйақы тағайындады

Тамыз 17, 2026 - 09:15
 0  24
Иран АҚШ сарбаздарының көзін жойған немесе тұтқынға алған азаматтарға сыйақы тағайындады
AP Photo / Vahid Salemi

Иран азаматтарына АҚШ әскери қызметкерлерін өлтіргені немесе тұтқынға алғаны үшін 60 мың долларға дейін сыйақы төленетін болды, деп хабарлайды sadaq.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның Иранның IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясына сілтеме жасап хабарлауынша, Иран армиясының қолбасшысы Амир Хатами әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған америкалық сарбаз үшін ақшалай сыйақы тағайындалғанын мәлімдеді.

"Қаржылық жиһадқа қатысуға деген өтініштердің көп екенін ескере отырып, арнайы жоспар әзірленді. Оған сәйкес, америкалық сарбазды өлтірген немесе тұтқынға алған адамға Иран армиясы 30 мың доллар (13 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Бұл істе табысқа жеткен ирандық әйелдерге екі еселенген сыйақы беріледі", - деді Хатами.

Сондай-ақ америкалық сарбаздарды жою үшін қолданылған қаруды Иран армиясы нарықтық құнынан екі есе жоғары бағамен сатып алатыны атап өтілді. Сатып алынған қарудың орнына армия жаңа қару береді.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0