Иран әлемдегі ең ірі газ кешендерінің біріне жойқын шабуыл жасады
Иран Парсы шығанағы елдеріне кезекті шабуыл жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.
19 наурызға қараған түні баллистикалық зымырандар әлемдегі ең ірі мұнай-газ кешендерінің бірі, Қатарда орналасқан Рас-Лаффан индустриялық аймағына тиген. QatarEnergy мемлекеттік мұнай-газ компаниясының мәліметінше, нысанға 12 сағат ішінде екі рет соққы жасалған.
Кешен аумағында өрт шықты, кейін ол бақылауға алынды. QatarEnergy кәсіпорынға "айтарлықтай зиян" келгенін, алайда қызметкерлер зардап шекпегенін мәлімдеді. Қатардың Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қауіп деген баға берді.
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы тұрғын ауданға түскен зымыран қалдықтары салдарынан төрт адам жараланған. Зымыранның бөлшектері қаланың оңтүстігіндегі мұнай өңдеу зауытының жанынан да анықталған. Елдің шығысындағы газ кәсіпорнының жанында дронның атып түсірілгені хабарланды.
Біріккен Араб Әмірліктерінде Ираннан ұшқан дрондар мен зымырандарға қарсы әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0