«Ішімнен жылап отырамын»: Роза Рымбаева өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (ВИДЕО)

Мамыр 12, 2026 - 17:01
app_badging Мамыр 12, 2026 - 17:12
chat_bubble  0 visibility  3
«Ішімнен жылап отырамын»: Роза Рымбаева өмірдегі ең үлкен өкінішін айтты (ВИДЕО)
Коллаж: Sadaq.kz

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында өміріндегі үлкен өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Әнші өмірдегі өкініштердің бірі ретінде жарының кенеттен қайтыс болуын қынжылыспен айтты. Оның күйеуі, дирижер әрі композитор Тасқын Оқапов жарының шығармашылық жолында үлкен қолдау көрсеткен.

«Жолдасымның өмірден өтуі орны толмас қайғы болды. Сіздердің алдарыңызда күліп әңгіме айтқанмен де, ол кісінің аты аталған кезде ішімнен жылап отырамын. Себебі ол кісі жасым ұлғайған сайын жетіспей отырады. Менімен сырласатын, бағдарламамды бірге жасайтын, дирижерлық пультта бірге тұратын жолдасым ұйықтап жатып кетіп қалды. Әрине, қазір де жалғыз емеспін. Екі ұлым – Әли мен Мәди менің барлық концерттік бағдарламамды, үлкен оркестрмен жұмысымды, аранжировка, режиссерлік қойылым, сценарий  барлығын жасап жүр. Екі қанатым бар. Олар үшін, әрине, өмір сүргім келеді», – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0