«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты

Желтоқсан 24, 2025 - 16:08
 0  9
«Ішкі ағзаның бәрі желініп кеткен»: Бағдат Әшімова актердің бірінші әйелі қалай қайтыс болғанын айтты
Фото: ғаламтордан

Асанәлі Әшімовтың екінші жары Бағдат Әшімова актердің бірінші жары Германияға емдетуге апара жатқанда көз жұмғанын айтты. Бұл туралы Бағдат Әшімова Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Майра апа 1993 жылы кетті ғой, ауырған екен. Бір-екі жылдай ауырған. Өте сирек кездесетін ауру болған екен, склеродермия деп аталады. Бүкіл ішкі ағза біртіндеп желіне бастайды. Сондай талпындым дейді, алып қалуға. Германияға дейін алып барған. Мәскеудегі Кремлевский ауруханаға алып барған, - дейді ол.

Тағы оқыңыз: «Асқар тауым құлады»: Асанәлі Әшімовтің әйелі дауыс шығарып жоқтау айтты (ВИДЕО)

Дәрігерлер мыңнан бір адамда кездесетін, өте сирек кездесетін ауру болып шыққанын айтқан екен,

Содан кейін Германиядан аппаратпен алып келе жатқанда, содан оянбаған. Асекең тура сол кезде аппендицит болып, ауруханаға түскен. Сонда Майра тәтенің берілгендігі — ол бір кездейсоқтық та емес, Алла Тағаланың өзі солай келтіріп тұр ғой. Майра тәтенің табытын алып, аурухананың қорасына алып барған екен, Асекеңмен қоштасу үшін. Асекеңді ауруханадан шығармай қойған, операциядан кейін. Сонда кетіп бара жатып та, менімен келіп қоштасып кетті деп айтады, - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0