«Ішкі істер органдарын «жаппай тазалау» керек»: Бақытжан Базарбек

Наурыз 27, 2026 - 12:22
app_badging Наурыз 27, 2026 - 12:27
chat_bubble  0 visibility  3
«Ішкі істер органдарын «жаппай тазалау» керек»: Бақытжан Базарбек

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматыда үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатының жіті тергеліп, жауапты басшылардың бәрі қызметінен кетуі қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
 
Депутаттың айтуынша, қызметінен кеткен басшылардың соңғысы емес.
 
«Мен де Алматыдағы әл-Фараби көшесінде тұрамын. Күн сайын сол көшенің бойымен спорткарлар, қымбат көліктер зуылдап жүретінін көреміз, бірақ ешбіріне айыппұл салынғанын, біреудің сол үшін қызметінен қуғанын байқамаймыз. Сол себепті ішкі істер органдарын жаппай «тазарту» керек. Тек ішкі істер департаментіне ғана емес, бүкіл Қазақстанға қатысты», – дейді депутат.
 
Мәжіліс депутаты лауазымды тұлғалардың балаларына қатысты қалыптасқан жағдайды қатаң сынға алды.
 
«Оларды ішкі істер департаменттеріндегі лауазымды тұлғалар қорғаштайды. Мұндай жағдай басқа өңірлерде де бар. Біз құқық қорғау органдары жүйесін осындай адамдардан тазартуымыз керек. Мажорларды қорғайтындарды жүйеден аластау қажет. Менің ойымша, біз (депутаттар корпусы) бұл мәселе бойынша президентке жүгініп, ішкі істер министрі алдында жолдағы қауіпсіздікті қамту бойынша нақты тапсырма берілетіндей әрекет етуге дайынбыз», – дейді Базарбек.

Ол жол ережесін бұзғандар рақымшылыққа ілінбеуі керек деп есептейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0