«Қаралым үшін көрейік дедік»: Блогер сәбидің бір аяғын байлап, видео түсірген

Әлеуметтік желіде кішкентай баланың жылап жатқанын елемей, видео түсірген әже жұртшылықтың сынына ілікті. Редакция видео авторы блогер Аятхан Күтімоваға хабарласып, оқиғаның мән-жайын сұрап білді, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Айта кетейік, Аятхан Күтімова екі жыл бойы әлеуметтік желіге контент түсіріп келеді.
«Бұл видео бір жыл бұрын түсірілген. Оны қайта көшіріп таратқан екен. Бұл жағдай немеремнің туған күніне барған кезде болған. Немерем адамнан қатты жатырқайды. «Бәріміз күліп, бұл кешке дейін жылайды, осыны пайдаланып видео түсіріп жіберейік, қанша қаралым жинайды екен» дедік. Бірақ ел шулап, кейін өшіріп тастадық. Біз жолдасым екеуміз фазендада тұрамыз, немерелерім бөлек тұрады», - дейді Аятхан Күтімова.
Блогер-әже бұл оқиға қоғам тарапынан пікірталас туғызғанына қуанғанын айтты.
«Мен қалжыңдап жатқанымның өзінде бәрі жазып, балаларды қорлап жатыр деп жатыр. Немеремнің аты - Иная. Оны келінім дәл туған күнімде, яғни 18 наурызда дүниеге әкелген еді. Қоғам тарапынан осылай әсер ету бала мен әйелге деген қамқорлықты көрсетеді. Ол жағынан халыққа, елге алғыс айтамын», - дейді Аятхан Күтімова.
Сіздің реакцияңыз қандай?






