Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа түрі шыққанын ескертті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Агенттік ресми өкілінің бейнесі пайдаланылған дипфейк видеоларда "жәбірленуші инвестордың" жалған оқиғасы баяндалады.
"Сценарий бойынша қаражатты салғаннан кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі. Бірақ ақшаны алу үшін комиссиялар, салықтар және "тексерістерге" ақы төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін қаражатқа қол жеткізу бұғатталады", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.
Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы қайтару мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады.
"Толығырақ" батырмасы "халық заңгері" деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі. Сонымен қатар алаяқтар агенттік атынан жалған сайттар жасап, онда "жәбірленушілердің ақшасын қайтару" туралы ақпарат жариялаған. "Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады. Мысалы, "ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?" деген сұрақ қойылады. Кейін жеке мәліметтер –аты-жөні, телефон нөмірі, электронды пошта енгізіліп, "қайтару процесін бастау" батырмасын басу ұсынылады", - дейді агенттік.
Ведомство мұндай сайттар, сауалнамалар және формалар алаяқтық схемасы екенін, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталғанын ескертті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0