Каспийдегі трагедия: Қаза тапқандардың аты-жөні айтылды

Қыркүйек 24, 2026 - 16:22
chat_bubble  0 visibility  10
Каспийдегі трагедия: Қаза тапқандардың аты-жөні айтылды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сегіз әскери қызметшінің алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Басылым мәліметінше, қаза тапқандар:

  • Сержан Аяпберген; 
  • Әсет Жанабай; 
  • Алмас Көбенов;
  • О. Мұхтарұлы; 
  • Жеңіс Темірғалиев;
  • Азамат Мадихан;
  • Ақылбек Төлеген;
  • Өмірбек Өмірзақ.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтіп жатқан кезде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Салдарынан бір топ әскери қызметшіні теңізге ағызып әкеткен.

Қазіргі уақытта сегіз әскери қызметшінің қаза тапқаны хабарланып отыр. Өзге сарбаздарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, оқиғаның себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына бірқатар министрліктің басшылары, Маңғыстау облысының әкімі, Бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері енді. Қаза тапқандардың ресми тізімі әзірге жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0