«Қайдан шыққаныңды ұмытпа!»: Бағым Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекова туралы шындықты айтты
Танымал музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбековаға жауап беріп, арадағы даудың шындығын айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі жазбасында әншіге өкпесі бар екенін ашық жеткізіп, өзіне жасалған жақсылықтарды ұмытпауға шақырған. Бағым Мақсатқызы үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауды сұрап, бірнеше мәселені алға тартты.
"Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген «шәкіртім», ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың. Құдайға шүкір айтып отырып, сол құдайдың «жақсылық жасаған адамға алғыс айт» деген аманатының орнына «бәлесінен аулақ» деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа!»– , деді ол.
Айта кетейік, продюсердің бұл жазбасына Мөлдір Әуелбекованың бұған дейін айтқан сөзі себеп болған. Жақында әнші ұстазы Баян Мақсатқызымен татуласу мүмкіндігіне қатысты қойылған сұраққа «Құдай сақтасын, беті аулақ» деп жауап берген. Осыдан кейін продюсер әлеуметтік желіде Мөлдірге арнап жазба жариялап, өз өкпесін ашық жеткізді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0