«Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?»: «Қызыл раушан» әнінің авторы қоқыс аралап жүр

Маусым 13, 2025 - 11:15
Маусым 13, 2025 - 11:34
«Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?»: «Қызыл раушан» әнінің авторы қоқыс аралап жүр

Халық арасында кең танылған, Әнші Ұланғасыр Қами айтатын «Қызыл раушан» әнінің авторы бүгінде қоқыс маңында өмір сүріп жүр, деп жазды Sadaq.kz.

Танымал туындының сөзін жазған азамат — Шуақ Рахымберді есімді ақын. Ол өзінің қазіргі күйін жасырмай, ашық сұхбат берді.

"Белые розы тербеткен би алаңы деп басталатын өлеңді жаздым. Сосын 1,5 мың долларға сатып жібердім. Ол әнді жан жарым Раушанға арнап жазғанмын. Мұқтар Ниязовтың шәкіртімін. Өткен өмірді қазбаламай-ақ қояйық", – дейді Шуақ.

Өзін айтыскер Мұхтар Ниязовтың шәкірті ретінде таныстырған Шуақ кезінде талай айтысқа қатысып, ел алдында жүрген екен. TikTok-та тараған бейнероликтен кейін желі қолданушылары мен оның таныстары Шуақтың шын мәнінде өте қабілетті, өнерлі адам болғанын айтып жатыр.

Ал TikTok қолданушылары арасында бұрынғы сыныптастары танып, ақынның мүшкіл күйіне өкініш білдіріп жатыр. 

"Шуақ деген кісі ғой, өзі ақын. Бір жағынан жылқы алып сататын еді", "94 жылғы, кезінде талай айтысқа шыққан", "Қайран парталасым-ай, не болып кеткенсің?", "Мектепті жақсы оқыған, КВН-ге қатысатын белсенді еді", - деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow