«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Арсеналға» есе жіберді

Қаңтар 29, 2026 - 03:26
 0  1
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Арсеналға» есе жіберді
Фото: Qazsport

«Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы турда лондондық «Арсеналға» 2:3 есебімен  жол берді, деп хабарлайды Sadaq.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Ойын алғашқы минуттан тартысты басталды. Матчтың небәрі 2-минутында “Арсенал” сапынан Дьёкереш есеп ашты. Артынша алматылық клуб сапынан Жоржиньоға қарсы ойын тәртібі бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Нәтижесінде Жоржиньео 11 метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Алайда 15-минутта Хаверц “Қайраттың” осал тұсын тауып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды.

Бірінші тайм аяқталар тұста Мартинелли сары-қаралардың шабуыл шебін бұзып өтіп, гол соқты.

Екінші таймда қос командада бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Матчтың аяқталар тұсында Рикардиньо гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққан “Қайрат” 1/16 финалға өте алмай, жорығын аяқтады.


Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0