Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды, деп хабарлайды sadaq.kz.
Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов және басқа да айыпталушылардың сот процесі жабық режимге ауыстырылған. Іс "құпия" деген белгімен өтіп жатқанына қарамастан желіде сот процесінің фрагменттері видео арқылы тарап кеткен. Айыпталушылардың бірі — ҰҚК 5-ші департаментінің басшысы Руслан Ысқақ Қаңтар оқиғасы кезіндегі тәртіпсіздіктер кезінде оған бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі әрі ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болған Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген еді.
Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталды. Оған атыс қаруын заңсыз сақтау және 2022 жылдың қаңтарында болған тәртіпсіздіктерге қатысты деген айып тағылып, онымен бірге тағы бес күдікті ұсталған. Бас прокуратура Жұмагелдиевтің қарулы адамдары 24 бейбіт азаматты – кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарды ұрлап, күштеп ұстады деп мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?