Қайрат Нұртас ұлына ешкім күтпеген сыйлық жасады (ВИДЕО)

Әнші сыйлықты тапсырған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды

Қыркүйек 10, 2025 - 21:29
Қыркүйек 10, 2025 - 21:29
Қайрат Нұртас ұлына ешкім күтпеген сыйлық жасады (ВИДЕО)
Фото: ғаламтордан

Танымал әнші Қайрат Нұртас 10 жасар ұлы Ханға күтпеген сыйлық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әртіс оған жеке көлік сатып алды. Әрине, бала көлікті өзі жүргізе алмайды, сондықтан Қайраттың айтуынша, оны мектепке және үйірмелерге жеке жүргізуші тасымалдайды.

Әнші сыйлықты тапсырған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жақында Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жаңалық болды. Әншінің 38 жастағы әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласын дүниеге әкелді.   

Тағы бір айта кетері, Қайрат Нұртас биыл мектеп бітірген тұңғыш қызы – Сезім Нұртасты Англияға оқуға жіберді.

«Қос әулеттің алғашқы қуанышы! Атасының қызы! Апасының гүлі! Әкесінің тұңғышы! Анасының бақыты! Бауырларының бағыты! Ұстаздарының мақтанышы!

Бүгінде бойжетіп, өмірдегі үлкен әрі жауапты білім деген жолға аттанып, студент атанды! Жаратқан жар болсын!» – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Інжу-Маржан (@inzhumarzhan55)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow