«Қайрат» - «Реал Мадрид»: Матч билеттері қашан сатылатыны белгілі болды

Қыркүйек 4, 2025 - 17:15
 0  62
«Қайрат» - «Реал Мадрид»: Матч билеттері қашан сатылатыны белгілі болды
Фото: planetarealmadrid

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады", – деді Жарасбаев.

Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, "Қайрат" клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді "Қайрат" клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0