«Қазақша ою-өрнекпен кілем және бесбілезік»: Джей Ло Қазақстаннан қандай сыйлық алғанын көрсетті

Әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопес әлеуметтік желіде жаңа фотосессиясын жариялап, қазақтың дәстүрлі әшекей бұйымдарын тағып шықты, деп хабарлайды todayinfo.kz.
Желі қолданушылары әншінің қолындағы білезіктерге назар аударып, оларды қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарына ұқсатты. Instagram-да пікір қалдырған қазақстандықтар Джей Лоға тамсанып, «Біз осылай кисек, сынайды, ал сізге бәрі жарасады!» деп жазды.
Кейбірі оның қазақ мәдениетіне құрметін ерекше атап өтті. Жұлдыздың бұл образында қара түсті сәнді киім, оюлы колготки және ұлттық нақыштағы білезіктер үйлесім тапқан. Фотолар аз уақыт ішінде мыңдаған лайк жинап, пікірлер толассыз ағылып жатыр.
Музыкалық сүйемелдеу ретінде Джастин Бибердің әні қойылған видеолар да көрермен назарын аударды. Қазақ жанкүйерлері Лопестің бұл қадамын мәдениеттерді тоғыстырған ерекше сәт деп бағалауда. Сондай-ақ, қазақстандық дизайнер Әсел Сабыржанқызы ерекше сыйлық тарту етті. Ол әншінің суретін кілемге салған.
«Портрет үшін Лопестің ең әсерлі суретін таңдадым, ал туындыда Алматы қаласының көрікті жерлерін тауларға қосып бейнеледім. Кілем — өнер үшін мінсіз материал саналады, сондықтан мен Дженнифердің портретін дәл осы кілемге салып, Қазақстаннан осындай есте қаларлық сыйлық жасауды жөн көрдім», — деп жазды Әсел Сабыржанқызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?






