Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Наурыз 16, 2026 - 17:55
app_badging Наурыз 16, 2026 - 17:59
chat_bubble  0 visibility  1
Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл Reddit платформасындағы «Flags of the World» атты ауқымды онлайн-турнирдің нәтижесінде белгілі болды. 

Желі қолданушыларының дауыс беру нәтижесі бойынша Қазақстан туы бірінші орынды иеленді.

Reddit желісіндегі r/flags тақырыптық қауымдастығында барлық ресми танылған мемлекеттер арасында ең үздік ту таңдалды.

Финалда Қазақстанның көгілдір байрағы Кирибати (Океаниядағы мемлекет) туын басып озды.

«Қазақстан – біздің чемпионымыз! Барлығыңыз дауыс беріп, бұл туды әлемдегі ең үздік деп шештіңіздер. Қатысқандардың бәріне рахмет! Бұл үлкен әрі өте қызықты жұмыс болды», – делінген жарияланымда.

Үздік төрттікте (Топ-4) сонымен қатар Сейшель аралдары (4-орын), Бутан (3-орын); Кирибати (2-орын) бар.

Сондай-ақ, Reddit-те тағы бір байқау басталды. Енді желі қолданушылары әлемдегі ең үздік елтаңбаны анықтауда. Қазақстан 26-шы топқа түсті. 

Онымен бірге бұл топта Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолия, Пәкістан, Мальдив аралдары бар.

Платформа қолданушылары әлем елдері арасындағы ең әдемі мемлекеттік елтаңбаны анықтау үшін дауыс беруді жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0