Қазақстанда ұшатын таксидің қашан іске қосылатыны белгілі болды

Наурыз 20, 2026 - 16:07
chat_bubble  0 visibility  1
Қазақстанда ұшатын таксидің қашан іске қосылатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com

Қазақстанда ұшатын такси бірнеше айдан соң сынақтан өткізіле бастайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Журналистер вице-премьерден Алатау қаласындағы аэротакси туралы сұрады.

«Біз биыл жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір алғашқы дрондардың бірі сатып алынып жатыр, бұл – қытайлық дрон, атауы AeroFlight, яғни автофлайт. Бұл – қытайлық компания, мұндай дрондар Шэньчжэнь қаласында қолданылып жүр. Сонымен қатар біз америкалық компаниямен кезекте тұрмыз, ол жақта да кезек бізге жақын. Бірақ белгілі бір слоттар арқылы рұқсат алуымыз қажет, өйткені бұл бағытта Біріккен Араб Әмірліктері мен басқа да көптеген елдер белсенді түрде алға жылжып келеді. Сондықтан жұмысты алдымен қытайлық компаниялармен бастаймыз», – деп жауап берді вице-премьер.

Айтуынша, ұшатын такси ұсынуға әуе кеңістігі дайын.

«Ең бастысы – бізде аумақ бар, әрі ол тым тығыз қоныстанбаған. Сондай-ақ ұсынуға болатын әуе кеңістігіміз бар. Бұл дегеніміз – жолаушыларды да, жүктерді де тасымалдай алатын пилотсыз аппараттар. Мұнда бәрі нақты маршрутпен жүзеге асады, ешкімнің жолын кесіп өтпеуі керек, ұшу кестесі, қону, ұшып көтерілу – барлығы нақты реттелуі тиіс. Осы жұмыстардың барлығын келесі жылы тәжірибелік тәртіпте толық пысықтап шығуымыз керек. Ал алғашқы демонстрациялық ұшулар бірнеше айдан кейін басталуы мүмкін деп ойлаймыз, - деді Қанат Бозымбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0