«Қазақтар футбол үшін жаралмаған»: Ресейлік ардагер спортшы Черчесовтің Еуропадан ұсыныс алатынын айтты
КСРО футбол құрамасының ойыншысы болған Владимир Пономарев «ВсеПроСпорт» сайтына пікір білдіріп, Станислав Черчесовтың Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты ойын айтты. Ол өзінің пікірін білдіру барысында Қазақстан мен қазақ ұлтын айыптай сөйлеген.
«Черчесов – өте сапалы жұмыс істейтін, кәсіби жаттықтырушы. Ал мына бір Қазақстанға ол не үшін бас сұқты? Ол жақта ешқашан жақсы футболшылар болған емес. Ол жаққа не үшін барғанын түсіне алмаймын. Черчесов Венгрияда, Польшада жақсы нәтиже көрсетті. Ал Қазақстандағы футболшылармен ол нәтижеге үміт арта алмайтын еді. Ол оларды футбол ойнауға үйрете алмайды ғой. Қазақтар бұл ойын үшін жаралмаған. Оларға атпен шауып, допты таяқпен ұрғаны дұрыс. Оларда сондай ойын бар. Немесе серкені бір-біріне лақтыру дегендей. Ал футболға келсек, бұл олардың ойыны емес.
Черчесов қазір алаңсыз ғана РПЛ-ға қайта оралса болады. Оны жақын аралықта біреу шақырады деп ойлаймын. Қуана-қуана шақырып алады. Ресейде жұмыс жасауға болады, бізде жақсы футболшылар да жеткілікті. Черчесов өзін жақсы таныта білді, құрамада да нәтижелі жұмыс істеді, мінезі мен харизмасы да жеткілікті. Черчесов – қатал жаттықтырушы, басқаша болуы мүмкін де емес. Егер мен жаттықтырушы болсам, мен ол ақымақтарды сөзбен сыбап алар едім. Біз өзіміз де футбол ойнағанда ақымақ болғанбыз», - дейді Пономарев.
Пономарев сөзін жалғай отырып, былай дейді: «Ол енді Еуропадан жақсы ұсыныс алады деп ойламаймын, өйткені Қазақстанда нәтиже көрсете алмады, оған сенім азайды. Станислав ол жаққа барып үлкен қателік жіберді. Қазақтарға деген үлкен құрметімді сақтай отырып, ол жақтың құрамасының деңгейі жоғары еместігін айтқым келеді. Ол деңгеймен нәтиже көрсету қиын еді», - дейді ол.
Бүгін Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бұл туралы 27 қаңтарда Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады.
Дереккөз: mezgil.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?