Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде Қазақстан азаматтары ұсталды

Желтоқсан 2, 2025 - 10:57
Желтоқсан 2, 2025 - 10:57
 0  1
Казинода жасырын құрылғылар қолданған: Сиднейде Қазақстан азаматтары ұсталды

Сиднейдегі казинода 1,18 миллион доллар көлемінде алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматтары ұсталды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Олар казинода жасырын құрылғылар қолданған.

Полицияның мәліметтеріне сүйенсек, ерлі-зайыптылар Қазақстаннан 2025 жылдың қазан айында Сиднейге келген. Олар келген күні-ақ атақты Crown казиносына мүшелікке өтініш берген. Қазан мен қараша айларында олар бірнеше рет казиноға барып, үздіксіз жеңіске жеткен. Осылайша жалпы сомасы 1,18 миллион долларға жуық қаражат жинап үлгереді. Ерлі-зайыптылардың мұндай үздіксіз жеңісі өз кезегінде  казино қызметкерлерінің күдігін тудырады.

Бақылау барысында казиноның қауіпсіздік қызметі әйелдің футболкасындағы Mickey Mouse суретінің астынан шағын жасырын камераны байқап қалады.

Осылайша іс полицияға беріледі. Камера ұялы телефонға жалғанған магнитті зонд арқылы ойын үстелінен суреттерді түсіріп, сыртқы серіктестікке жіберген. Ал ерлі-зайыптылардың құлаққаптары арқылы (deep-seated earpieces) сырттан нұсқаулар алып, ставкаларды дәл қоюға мүмкіндік алған. Қосымша, полиция олардың телефондарында ойын үстелін жасырын түрде түсіруге арналған арнайы бекіткіштер мен кішкентай айна тәрізді құрылғылар тапқан.

Кейін полиция олардың Сиднейдің Kent Street көшесіндегі тұрғын үйінде тінту жүргізілді. Онда қосымша азаматтық алаяқтық құралдары, жоғары сапалы зергерлік бұйымдар және 2000 еуро (шамамен 3500 австралия доллары) қолма-қол ақша табылды. Қалған ақшаның бір бөлігі казино чиптері түрінде тәркіленді.

Екеуі де кепілмен босату туралы өтініш берген, алайда сот кепілмен босатудан бас тартқан. Себебі қылмыскерлердің елден қашуы мүмкін деп есептеген. 

Алғашқы сот отырысы желтоқсан айына, келесі – 2026 жылдың ақпан айында белгіленді.

Қазақстандық дипломатиялық миссиялар әзірге пікір білдіре қойған жоқ. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0