Кеген ауданында полиция қызметкерінің өртенген денесі табылды

Маусым 24, 2026 - 10:44
chat_bubble  0 visibility  2
Кеген ауданында полиция қызметкерінің өртенген денесі табылды
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Кеген ауданында Алматы қалалық полиция қызметкері, 37 жастағы Аслан Альсеровтың өртенген денесі табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Мәйітті 23 маусымда шопан Көкпек– Көктал – Кеген тасжолының маңынан тапқан.

Тергеу дерегі бойынша, оның денесі қатты күйген, ал қолында жанған арқанның қалдығы болған. Осы іске байланысты күдікке оның әйелі, 14 жастағы ұлы және кәмелетке толмаған досы ілініп, тексеріліп жатыр.

Аталған отбасы бұрын үлгілі деп танылған, ерлі-зайыптылардың 7 баласы бар және екеуі де полицияда қызмет еткен.

Іс бастапқыда “адам өлтіру” бабымен қозғалған, кейін “алдын ала сөз байласу арқылы аса қатыгездікпен кісі өлтіру” ретінде қайта сараланған. Тергеу жалғасып жатыр. Кінәлі деп танылғандар 15 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0