Келінін балағаттаған қызылордалық қайын ата қамауға алынды

Сәуір 16, 2025 - 11:34
Келінін балағаттаған қызылордалық қайын ата қамауға алынды

Қызылордада келініне балағат сөздер айтқаны үшін қайын атаға бірнеше күндік қамау жазасы беріліп, 3 айға алкоголь ішуге тыйым салынды, деп жазады Sadaq.kz.

Қызылорда облыстық сотының желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексі 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Арал аудандық сотында қаралған.

"Ер адам масаң күйде келініне балағат сөздер айтып, оған құрметсіздік көрсетіп, тыныштығын бұзған", – деп анықтады сот.

Жәбірленуші соттан туысына қатысты шара қолдануды сұрады. Себебі келінінің айтуынша, мұндай жағдайлар үнемі қайталанып тұрады.

Ер адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны іс материалдарымен дәлелденді. Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар сот ер адамның мінез-құлқына арнайы талаптар белгіледі. Оған 3 ай мерзімге алкогольді ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынуға толық тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow