Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандық: Бас прокуратура тергеу бастады

Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Маусым 21, 2024 - 14:31
 0  59
Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандық: Бас прокуратура тергеу бастады
фото: baq.kz

Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас Прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0