«Кілт табылған»: Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Атырау облысы Жангелдин ауданында болған қайғылы отбасылық оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева оқиға болған үйден табылған екінші кілттің мән-жайын зерттеп, Атырау облысы прокурорының көмекшісі Жандар Болатбек пікіріне жүгінген.
Прокуратура өкілінің айтуынша, қазіргі таңда тек кілтке қатысты емес, жалпы бұл іске өзге адамдардың қатысы бар-жоғы да жан-жақты қарастырылып жатыр. Дегенмен алдын ала жүргізілген тексеру нәтижесінде Сәрсемалиевтен басқа күдікті тұлғалардың қатысы анықталмағаны айтылды.
Сонымен қатар, табылған екінші кілттің шығу тегін нақтылау үшін қосымша сараптамалар тағайындалып, істің барлық мән-жайы жіті зерттеліп жатқаны белгілі болды. Құзырлы органдар бұл мәселеге құқықтық баға берілетінін мәлімдеп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0