Ким Чен Ын мен Лукашенко кездесті
25 наурыз күні Пхеньян қаласында Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ким Чен Ын арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты.
Бұл туралы БелТА агенттігі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Александр Лукашенконы КХДР Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын ресми қарсы алу рәсімімен күтіп алған.
Ким Ир Сен алаңында өткен салтанатты шара барысында екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректерден оқ атылып, атты әскер мен құрмет қарауыл ротасы қатысқан.
Беларусь СІМ басшысы Максим Рыженковнің мәлімдеуінше, тараптар достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Жалпы сапар аясында шамамен 10-ға жуық түрлі құжатқа қол қою көзделген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0