«Қымбат алқа тақты»: Салтанат Байқошқарова Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті

Ақпан 21, 2025 - 14:48
«Қымбат алқа тақты»: Салтанат Байқошқарова Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті
фото: әлеуметтік желіден

Танымал репродуктолог-дәрігер Салтанат Байқошқаров продюсер Баян Мақсатқызының берген сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, продюсер тамыз айында екі мәрте ана атанып, қызды болған еді. Ел алдында дәрігер Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірді.

“Осыдан біршама уақыт бұрын Баян ханымның үйінде екі қызымыздың қырқынан шығаруы болды. Алиса мен Алманың салтанатты кешінде керемет тойбастар таратылған еді. Ағылшынша айтсам, unpacking жасап, сіздерге көрсетуді жөн көрдім. Динара Сәтжан қоржын әкелді. Сол жерде отырғандардың бәрі таласып, ырымдап алды. Мен де немереме ырымдап, қалташа алып қойдым. Ішінде көз бояйтын қарындаш бар. Өте керемет дайындалғанын бәріңіз көрдіңіздер. Мойныма алқа тақты. Алисада безендірілген түсі қызғылт болды. Шабдалы түс деп айтуға болады. Алманікі жасыл түс болды. Негізі тойбастарға қымбат бет күтімі жиынтығын таратты. Ешкімге бермей, өзім қолданамын. Маған иісі де, түсі де қатты ұнады. Жұғысты болсын деп көрсетіп жатырмын”, – деп жазды дәрігер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow