Қырғызстан: Мерзімінен бұрын сайлау талап еткендер қамауға алынды
Қырғызстан Ішкі істер министрлігі елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді талап етіп, билікке үндеу жолдаған топтың үш мүшесін ұстады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ағымдағы жылдың 9 ақпанында әлеуметтік желілерде Садыр Жапаров пен Жоғарғы Кеңеш төрағасына бағытталған ашық хат жарияланған болатын. Хатқа 75 адам, соның ішінде бұрынғы премьер-министрлер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері қол қойған.
ІІМ мәліметінше, аталған үндеуге қол қойған 75 адамның барлығы тергеуге шақырылып, түсініктеме алынған. Олардың ішінен үш адам «қылмыстың негізгі ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушылары» ретінде қамауға алынды.
«Бұл тұлғалар жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылықты шайқалтып, биліктің легитимділігіне күмән келтіретін ақпараттар тарату арқылы қауіпті жағдай туғызды», — деп мәлімдеді ведомство.
Қырғызстанда кезекті президенттік сайлау 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған. Алайда соңғы уақытта Садыр Жапаров пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиевтің арасындағы қарым-қатынас пен биліктің болашағы туралы пікірталастар күшейген.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0