ҚМА Қуандық Бишімбаевтың отбасына тиесілі активтерді тексеруге дайын
Экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың отбасы мен туыстарына тиесілі активтердің қандай жолмен алынғанын тексеруге дайын. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Мәжілістің жалпы отырысына кейін агенттік өкіліне «Қуандық Бишімбаевтың жақын туыстарына тиесілі активтердің заңдылығын тексеру бойынша петиция аясында тиісті тексеру жүргізіле ме?» деген сұрақ қойылды.
Жеңіс Елемесов мұндай тексеріс тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.
«Қазірге дейін бізде тіркелген қылмыстық іс жоқ. Бірақ заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жалпы негізде тұрақты тексеру жүргіземіз. Қылмыстық жолмен алынып, заңдастырылған заңсыз кірістер болса, міндетті түрде жауапқа тартамыз. Петицияға келсек, оның нәтижесін күтейік. Бұл мәселені зерттеп, оған міндетті түрде назар аударамыз», - деді агенттік төрағасының орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін қоғам белсенділері бір емес бірнеше ресурс бетінде экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыстарының мүлкін тәркілеуді талап ететін петиция жариялағаны белгілі.
“Бишімбаев өз байлығының мүмкіндіктерін шексіз пайдаланып жатыр. Оны қорғайтын адвокаттардың саны оннан асты. Олардың арасында тергеу анықтаған айғақтарды бұрмалағысы келгендер де болды. Аталған заңгерлер Нүкеновтер отбасының сезімін, жалпы адамзаттық құндылықтарды асыра сілтеп, Нүкенованың образын жаман етіп көрсетіп, садистік қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамды ақ етіп шығаруға ұмытып отыр” – делінген петицияда.
Петиция авторлары Бишімбаевтың мүлкін тәркілеуге қатысты бұрын шығарылған үкім толық орындалуын талап еткен.
alash.online сайтында жарияланған бұл петицияға 173 562 адам қол қойған. Олардың 172 814-і қолдап дауыс берсе, 748 адам қарсы екенін білдірген.
Сол секілді бұл петиция otinish.kz сайтында да жарияланғаны белгілі. Оған ос уақытқа дейін 51 638 61 мыңнан астам адам қол қойған. Қазіргі уақытта петиция жабылған. Бұл петицияның да авторы, белгілі заңгер Вадим Курамшин.
Сіздің реакцияңыз қандай?