ҚМДБ: әлеуметтік желіде біреуді балағаттау және оған «лайк» басу – күнә

Қаңтар 15, 2025 - 15:32
 0  52
ҚМДБ: әлеуметтік желіде біреуді балағаттау және оған «лайк» басу – күнә
Фото: freepik.com

Қазақстан мұсылдандары діни басқармасы кибербуллингке қатысты үкім шығарды.

Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау. Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған, - делінген Діни басқарманың хабарламасында. 

ҚМДБ ғұламалар кеңесінің шешімі:

  • Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады;
  • - Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.
  • - Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту тағы сол сияқты кибербуллингі түрлеріне тыйым салынады. 
Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0