«Тірі қалғандар жоқ»: Колумбияда ұшақ апаты болды
Кукутадан Оканьяға ұшып шыққан Beechcraft 1900 жолаушылар ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін, 12 минуттан соң онымен байланыс үзілген. Кейінірек әуе кемесінің сынықтарын Солтүстік Сантандердің таулы аймағының тұрғындары тапты.
Ұшақта екі экипаж мүшесі және 13 жолаушы болған. Өкінішке қарай, жолаушылардың ешқайсысы аман қалмаған. Олардың арасында конгресмен Диоген Кинтеро, оның командасы, сондай-ақ депутаттыққа кандидат Карлос Сальседо бар.
Апаттың себебі әзірге белгісіз. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0