Қостанай облысында аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

Желтоқсан 9, 2025 - 10:44
 0  9
Қостанай облысында аязға байланысты  оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

Қостанай облысында аязға байланысты  оқушылар қашықтықтан оқуға көшті. Себебі, өңірде ауа райы -25°С-қа дейін төмендеген. 

Жергілікті білім басқармасының хабарлауынша, Ұзынкөл ауданындағы бірінші ауысымдағылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.

Бұл шектеу аталған мектептерге қатысты: №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебі. 

Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді. 

Қалған оқушылар әдеттегідей оқуларын жалғастырып жатыр. 

 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0