Қожа Ахмет Яссауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды

Желтоқсан 4, 2025 - 15:42
Желтоқсан 4, 2025 - 16:28
 0  1
Қожа Ахмет Яссауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды

Қожа Ахмет Ясауидің еш жерде жарияланбаған хикметтері табылды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы сүйіншіледі. Айтуынша, құнды жәдігер қолжазба Түркістан тұрғыны берген кітаптар арасынан табылған.

«Ясауитану ғылыми орталығының зерттеушілері жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, жемісті еңбек нәтижесінде ерекше қазынаға қол жеткізді.

192 жылдық жаңа хикметтер қолжазбасы табылды. 85 парақ, әр беті 15 жол, настағлиқ жазуда. Бұл қолжазба Түркістан тұрғыны берген кітаптар арасынан шықты.
Табуда Еркін ағаның еңбегі зор, ал оны осы уақытқа дейін сақтап келгені үшін Әлиакбар ағаға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Қолжазба алдағы уақытта толық зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілетін болады.

Ясауи мұрасы тағы бір асыл парақпен толықты, мәдени қазынамыз байи түсті», - деп жазған ол өзінің facebook пaрaқшaсындa.

2018 жылы да Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Ясауидің 100-ге жуық еш жерде жарияланбаған хикметтері табылған еді.  ХVІ ғасырға тән 475 беттік қолжазба сайрамдық белгілі тарихшы, Тұран ғылым академиясының академигі Мирахмад Мирхалдарұлының қолжазбалар қорында сақталып келген. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0