ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды.

Шілде 1, 2025 - 19:13
 0  54
ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы
Фото: ғаламтордан

Ерлан Қойшыбаев уақытша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарып отыр. Ол бұл лауазымға Нұрлан Сауранбаевтың Көлік министрлігіне ауысуына байланысты тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

– Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары КТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады, – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Ерлан Қойшыбаевтың Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің күйеубаласы екені белгілі. Сонымен қатар: 

«Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарып отыр», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0