«Қуанышты жаңалық»: Құндыз бен Назгүл қауіпсіз жерге көшірілді

Қаңтар 28, 2026 - 09:54
Қаңтар 28, 2026 - 10:02
 0  4
«Қуанышты жаңалық»: Құндыз бен Назгүл қауіпсіз жерге көшірілді
фото: видеодан скриншот

Соңғы күндері қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырған Құндыз бен Назгүлдің мәселесі оң шешімін тапты. Апалы-сіңілілер Зүлфия Төленованың үйінен алынып, қауіпсіз ортаға орналастырылды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұл іске журналист Руслан Өтепбай тікелей атсалысқан. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайдың реттелгенін хабарлап, жұрттың уайымына жауап берді.

Журналистің айтуынша, қазіргі таңда қыздар қауіпсіз жерде. Алдағы уақытта олардың жағдайына сай, одан да жайлы әрі тұрақты орта қарастырылмақ.

«Құндыз бен Назгүлді қауіпсіз ортаға көшірдік. Қазір қыздар осы жерде болады. Алда олардың болашағына қолайлы нұсқаларды бірге қараймыз. Бейжай қалмай, алаңдап отырған барша елге алғыс айтамын», – деп жазды Руслан Өтепбай.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0