Кубада жанармай түгел таусылды
Билік елде жанармай қоры толық таусылғанын хабарлады, деп жазады Sadaq.kz.
Бұл жаңалықты Куба энергетика және тау-кен өнеркәсібі министрі Висенте де ла О Леви мәлім етті.
Министрдің айтуынша, қазір елде жанармай мен дизель қоры жоқтың қасы. Соның салдарынан Кубада соңғы онжылдықтардағы ең ірі энергетикалық дағдарыс күшейіп отыр. Әсіресе Гавана қаласында жағдай күрделі. Кей аудандарда тұрғындарға электр жарығы тәулігіне небәрі 2–4 сағат қана беріледі. Қалған уақытта халық жарықсыз отыр. Электр тапшылығымен қатар, елде азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі де ушығып кеткен.
Куба билігінің мәліметінше, АҚШ санкцияларынан кейін елге мұнай жеткізу қиындаған. Бұрын негізгі мұнай жеткізушілердің бірі болған Венесуела экспорты да саяси жағдайға байланысты тоқтаған. Қаңтар айында Дональд Трамп Кубаға жанармай жеткізетін елдерге санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен. Осы жағдайдан кейін Гавана көшелерінде наразылық акциялары өтті. Тұрғындар “Жарықты қосыңдар!” деп талап қойып, жолдарды жауып тастаған.
Сонымен қатар БҰҰ АҚШ-тың Кубаға қатысты шектеулерін сынап, бұл санкциялар халықтың өмір сүру жағдайына кері әсер етіп отырғанын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0