Құлсарыдан бір адамның мәйіті табылды

Су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған.

Сәуір 14, 2024 - 13:04
Сәуір 14, 2024 - 13:05
Құлсарыдан бір адамның мәйіті табылды
Фото: atr.kz

Тасқын су басқан Құлсарыда әкесі мен баласы жоғалып кеткен еді. Бүгін әкесінің мүрдесі табылды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, 14 сәуірде таңғы сағат 09:00 шамасында табылған.

"Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесі мен баласы бірге жоғалып кеткен еді. Әкесі 1976 жылғы, ал бала 2000 жылы туған. Олар рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйін қарау үшін барған. Алайда, олар эвакуациялық пунктке кері оралмаған. Сол күннен бері жоғалып кеткен әкесі мен баласы іздестірілді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру жұмыстарына 40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 техника жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow