«Құдай о дүниеде оны қинайды»: Нұрайдың ағасы жазба жариялады
Шымкент қаласында кісі қолынан қаза тапқан бойжеткеннің ағасы Сұлтан Серікбай әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, әділдік талап етті, деп хабарлайды sadaq.kz.
Оның айтуынша, марқұм қарындасының қырқын өткізу отбасы үшін аса ауыр соққы болған.
«Ешқашан туған қарындасымның қырқын жасаймын деп ойламаппын. Шуағын енді шашайын деп тұрған шағында өмірінің жібі үзілді дегенге сену өте қиын. Өмірдің бұлай өзгеруі отбасымыз үшін орны толмас қайғы. Дегенмен, бұл істі соңына дейін жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Құдай ондай адамдарды о дүниеде қинайтын болса, ал біз бұл дүниеде жасаған зұлымдығы үшін жауап бергіземіз. Талап – өмір бойына бас бостандығынан айыру және ашық сот», – деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0