«Күдікті әскери адам»: Сарыағашта мүгедектігі бар жасөспірімді 14 жерінен пышақтап өлтірген (ВИДЕО)

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында қанды қылмыс тіркелді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында айтты. Екінші топтағы мүгедектігі бар Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары айдалаға апарып 14 жерден пышақтап, азаптап өлтірген.
«Менің ұлымды өзінен 4-5 жас үлкен айуандар жауыздықпен өлтіріп отыр. Ішіп-шегіп алған олар баламды 14-15 жерінен пышақтаған. Жүрегінен ұрған, маңдайынан ломмен ұрған. Айдалаға апарып тастап, өздері дым болмағандай көліктеріне қыздарды салып алып тайраңдап кетіп қалған», — деді Жасұланның анасы.
Қылмыс болмас бұрын Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 000 теңге несие алғызған. Ең сорақысы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






