«Күмәнданып жүргенімді айттым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жазба жариялады

Ақпан 9, 2026 - 10:47
 0  61
«Күмәнданып жүргенімді айттым»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі жазба жариялады
Фото: Sadaq.kz. коллажы

Танымал актер Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында әріптесі Хайрол Мархабаға алғысын айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Оның айтуынша, өміріндегі қиын кезеңдерде аянбай қолдау білдірген – Хайрол Мархаба болған. 

«Кейде тағдыр адамды сынап, қайрағысы келгендей болады. Сол сәтте жолыңа дұрыс адамдар жолықса, еңсең қайта тіктеледі. Хайрол Мархаба – өнерде өз орны бар, сөзі мен ісі қабысқан жігіт. Бір кезеңде “кино түсіремін” деп шаршап, күмәнданып жүргенімде оған барып, жағдайымды айттым. Ол бетімді қақпады. Тыңдады, ақылын айтты, сенім білдірді. Жанына алып, идеямызды біріктіріп, осы жобада атқарушы продюсер ретінде жауапкершілік жүктеді. Бұл – мен үшін үлкен сенім, үлкен қолдау. Бүгінде ол – фильміміздің бас продюсері. Осындай адаммен бір жобада қатар жүру – мен үшін мәртебе», – деп жазды актер.

Желі қолданушылары актерге тілегін арнап, сәттілік тіледі.

«Жолыңда жақсылар жолықсын», «Әрбір ісіңе сәттілік», «Жақсы жар жолығып, бағың ашылсын», «Саған да лайықты жан жолығады»,– деп пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0