Құрылыс компаниялары үй бағасын үш жыл өсірмеуге міндеттелді – Үкімет

Үкімет ипотека көлемін екі есе ұлғайтпақ

Қазан 16, 2025 - 19:23
Қазан 16, 2025 - 20:22
 0  27
Құрылыс компаниялары үй бағасын үш жыл өсірмеуге міндеттелді – Үкімет
Фото: үкімет

Үкімет базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты екінші деңгейлі банктер тарапынан ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныстардың қысқаруы аясында тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соған сәйкес, халық үшін ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аталған шара қолданыстағы «Наурыз» және «Наурыз-Жұмыскер» бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады», - деп хабарлайды үкімет.

Құрылыс компаниялары осы бағдарламалар аясында салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасалады.

«Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға бағаны өзгертпей ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды», - деп хабарлайды үкімет.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0