Танымал әнші Абай Бегей актер Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында күйеу балаларымен қарым-қатынасы жайлы шынайы пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
Әнші қызының тұрмысқа шығуына бірден келісім бергенін, алайда күйеу баласымен жақын араласуды жөн көрмейтінін айтты.
«Қызым тұрмысқа шығамын дегенде бірден рұқсатымды бердім. Ол күйеу баламен таныстырғысы келді. Бірақ мен: ‘Егер күйеу бала ұнамай қалса, шықпайсың ба?’ деп сұрадым. Қызым ‘шығамын’ деді. ‘Онда маған көрсетпе’ дедім. Ұзату тойын 700 адамға жасап бердім. Күйеу баланы сол кезде ғана көріп, амандастым. Сол жеткілікті болды. Әлі күнге дейін күйеу балаларыма телефон соқпаймын, жақын араласпаймын. Маған бір адам ұнамай қалса, кейін онымен араласу қиын», – деді әнші.
Ол сондай-ақ қызына «Күйеу баланы маған жамандама» деп ескерткенін атап өтті.
Әншінің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшілік оның ұстанымын тәкаппарлық пен өзімшілдікке балады.
«Не деген тәкаппарлық!», «Бұл — өзімшілдік! Ата-ана қызының кез келген таңдауын қолдауы керек, «Нағыз әке қызына таңдау жасатпайды», «Әкесіне неге ұнау керек?», «Тәкаппарлық басымдау болып тұр», – деп жазды қолданушылар.
Бұл пікірталас ата-ана мен күйеу бала арасындағы қарым-қатынастың шекарасы қандай болуы керек? деген өзекті сұрақты қайта көтерді.