«Күйзелістен секірді»: Салық төлемеді деп айыпталып жатқан блогер ауруханаға түсіп қалды

Ақпан 19, 2025 - 09:24
Ақпан 19, 2025 - 09:47
«Күйзелістен секірді»: Салық төлемеді деп айыпталып жатқан блогер ауруханаға түсіп қалды
фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық тележүргізуші, актриса әрі блогер Дарья Александрова салық органдарынан алған хаттан соң жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, мемлекеттік кіріс органдарынан келген хабарламада блогердің 120 млн теңгеден асатын табысын жасырғандығы көрсетілген. Жүкті әйел ауруханаға жатуға мәжбүр болған. Қызметімді жеке кәсіпкерлік арқылы заңдастырдым деп отыр.

«Байғұс балам-ай, осы күндері күйзелістен ішімде секірді. Жай ғана жатырмын. Айғайламаймын, жыламаймын», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мәселесімен салық қызметіне жүгінетінін айтқан блогер заң аясында жұмыс істегенін дәлелдейтініне үмітті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow