Лифт ішінде пышақталған балаға ота жасалды

Астана қаласында тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт ішінде бетінен пышақ жарақатын алған бүлдіршінге ота жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың жалпы жағдай ауыр.
Бала бетінің жұмсақ тіндеріне көптеген кесілген жара алғандықтан, жалпы жағдайы ауыр деп бағаланады. Дегенімен, отадан кейінгі жағдай тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Ол №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды.
Бес жасар баланы пышақтаған 14 жастағы жігіт бұған дейін де осындай әрекет жасаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






