Лос-Анджелесте коменданттық сағат енгізілетін болды

Лос-Анджелес қаласының мэрі Карен Басс АҚШ-тағы екінші ірі қала — Лос-Анджелес орталығында коменданттық сағат енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Синьхуа.
Шектеу жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00–ден (Гринвич бойынша сәрсенбі 03:00) бастап сағат 06:00–ге дейін (Гринвич бойынша 13:00) күшінде болады.
Коменданттық сағат шамамен 1 шаршы миль аумақты қамтиды.
Карен Басс атап өткендей, бұл шешім дүйсенбі кешке өткен бейбіт наразылық шарасынан кейін басталған тонау мен вандализм әрекеттеріне байланысты қабылданды.
Лос-Анджелес полиция департаментінің мәліметінше, коменданттық сағат аталған ауданда тұратындарға, үйсіздерге, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне және қоғамдық қауіпсіздік пен төтенше жағдай қызметкерлеріне таралмайды.
Карен Басс бұл шешімді АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) жүргізіп жатқан рейдтерге қарсы наразылық шаралары бесінші күнге жалғасып жатқан жағдайда қабылдады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, демонстранттар 101-автомагистральды жауып, екі бағытта да қозғалысты тоқтатқан. Бұл оқиға коменданттық сағат енгізу туралы бұйрық шығардың алдында болған.
Осыған дейін наразылық білдірушілердің қақтығысынан кейін Трамп Лос-Анджелеске Ұлттық гвардияны жібергені анықталды.
Алпауыт Америка бірнеше күннен бері бұлқынып тұр. Трамп билігінің иммиграциялық саясатына қарсы наразылықтар үдеді. Осыны ескеріп, Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы мұхиттың арғы бетіндегі жағдайды сарапшылармен бірге талдап көрді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






