Мәдина Ералиева орындаған «Наз» әні кімге арналғаны белгілі болды

Ақпан 10, 2026 - 21:55
Ақпан 10, 2026 - 21:56
 0  4
Мәдина Ералиева орындаған «Наз» әні кімге арналғаны белгілі болды
Коллаж: sadaq.kz

SADAQMEDIA ұсынған "Дүрбі" сұхбат алаңында әнші, сазгер, режиссер және продюсер Оралбек Сарыбасов қонақта болды. 

Сазгер өзінің шығармашылығынан сыр шертіп, Мәдина Ералиева орындаған "Наз" әнінің кімге арналғанын баяндап берді. 

"Жұмбақ ару" деген адам өмірде болған. Ол өзіміздің Ақсуаттың қызы, есімі - Айман. Ғашық болдым. Сол қызға арналған нәзік дүние еді. Алғашқы махаббат қой. Жақсы көру дегеннің өзі жақсы нәрсе. Содан туған дүние. Мұндай шығармалар адамның жүрегінде мәңгі қалады. Кейде бір әуен естілсе де, сол адам есіңе түседі. Ертеректе бір Қазтай Ләсіп, мен және Бейбіт Құсанбек келе жаттық. Қазтай аға мені жанынан тастамаушы еді. Бейбіттің жазған өлеңдерін тыңдап отырып, "сен бірдеңе жазасың ба?" деді. Сонда Құсанбек: "Ой, оның жүрегі кірпіш қой", – деді. Сол кезде үнсіз қалдым. Негізі әнді шығаруын, шығардым да мәтінін ретке келтіре алмадым. Содан кейін Теміржан Базарбаев нотаға түсірді. Сол жерде 5-10 минутта текстін жазып шықтым", - деп есіне алды ол. 

Оралбек Сарыбасов бұл туындысының Мәдина Ералиеваның қолына қалай түскенін де айта кетті. 

"Бір отырысқа барсам Мәдина отыр екен. Тыңдады да кімнің әкені екенін сұрады. Менікі екенін айтып, қайта шырқап бердім. Әнді 1-2 орындаушыға ұсынып жүргенімді айтып едім, "ешкімге бермейсің мен айтамын", деп кесіп тастады", - деді сазгер. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0